55 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкннтте тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға кезекті баспана кілеттері табысталды. Жаңа пәтерлер Отбасы банк АҚ тарапынан азаматтарға несиелік және жалдамалы тұрғын үйлер берілдіПәтерлер Асар-2 , Бозарық, Тұран шағынауданынан табысталды.
Жалдамалы пәтерлер азаматтарға сатып-алу құқығымен берілді. Қалада тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйеді түрде жүргізіліп келеді. Көптен күткен баспананың кілтін алған 55 отбасы үшін бұл күннің орны ерекше. Жүздерінен қуаныш кетпеген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдіріп, жаңа шаңырақта берекелі ғұмыр кешуді тіледі.
Баспаналар мүгедектігі бар азаматтар,ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, көп балалы отбасылар,толық емес отбасыларға,сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,мемлекеттік қызметкерлерге табысталды.


