✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
✔️Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.

✔️Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті.
✔️Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді.
✔️Өз кезегінде Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.
✔️Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған.
✔️Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.
✔️Кездесу соңында Президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да атап өтті.





