ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....
Қызылжар-2 тұрғындары көп жылдан бері ауыз су тапшылығын көріп, электр энергиясының тұрақсыздығынан қиындыққа ұшырап келген. Биыл көктемде өткен көшпелі кездесуде олар осы инфрақұрылым мәселесін ең өзекті проблема ретінде көтерді. Нәтижесі ретінде бүгінде Көлкент көшесіндегі үйлерге табиғи газ берілді. Тұрғындар бұл сәтті көптен бері асыға күткенін айтады. Олар үшін газдың қосылуы өмір сапасын айтарлықтай жақсартатын маңызды қадам болды.
Жобаның бірінші кезеңінде ауыз су құбыры, электр желілері және газ инфрақұрылымы толық жүргізілді. Жаңартылған желілердің арқасында шағынауданда тұру әлдеқайда жайлы әрі қауіпсіз бола түсті. Қазір 265 үй үздіксіз ауыз сумен және электр қуатымен қамтылған. Сонымен қатар, табиғи газға қосылу мүмкіндігі де жасалды. Бұл инженерлік жүйелер тұрғындардың тұрмыс сапасын едәуір жақсартатыны сөзсіз.
Келесі жылы жобаның екінші кезеңі іске қосылып, Қызылжар-2 шағынауданы толықтай инфрақұрылыммен қамтылады. Бұл тұрғындардың барлық қажеттілігін өтеп, ауданның дамуына жаңа серпін береді. Сондай-ақ, қуанышты күнге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қптысып, тұрғындарды құттықтады. Шымкент қаласының әкімдігі жаңа шағынаудандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтуды басым бағыт ретінде жалғастырып келеді. Жыл соңына дейін Тасай мен Жаңаталапқа газ берілсе, қаланың газдандыру деңгейі 98 пайызға жетпек. 2026 жылы AGRES-5 атты жаңа жоба іске қосылып, сағатына 300 мың текше метр газ өндіре алатын қуатты станция жұмысын бастайды. Бұл қала бойынша табиғи газды 100 пайыз жеткізуге мүмкіндік береді.Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...
Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...
Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.