Шымкентте Шоколатина бойынша Әлем чемпионатына жолдама алатын үздік үміткерлер анықталды. Марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гиоге табыстады. Еуропада өтетін байқау 2026 жылдың наурызында ұйымдастырылмақ. Жеңімпаздар елшілік дипломдары мен сыйлықтарына, ал қатысушылар сертификаттарға ие болды. Бұл байқау Қазақстан мен Орталық Азияның гастрономиялық мұрасын әлемге танытуға мүмкіндік береді.

Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылын қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл шара Халықаралық серіктестік арқылы жас таланттарға әлемдік деңгейдегі шеберлермен тәжірибе алмасуға, өз мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ байқауға кәсіби халықаралық сарапшылар төрешілік етті.

Биылғы жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген талантты кондитерлер қатысты. Барлығы 22 үміткер өз шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде екі қатысушы Тулуза қаласындағы халықаралық байқауға жолдама алды.
Байқауда Профессионалдар санатында бас жүлдені астана қаласынан келген “Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің” оқытушысы Махмұт Еркебұлан иеленді. Ал, Юниорлар санатында 25 жасқа дейінгі жастар арасынан Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің студенті Пернен Мұхаммедәлі үздік деп танылды.

Бұл байқау студенттерге халықаралық тәжірибе жинап, білімдерін шыңдауға, Сондай-ақ, наубайхана саласында бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік берді.. Шара жастардың кәсіби дамуға деген ынтасын арттырып, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырды.







