
Шаһарда көркем гимнастикадан «Шымкент қаласы әкімінің Кубогы» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі дода көркем гимнастика спорт кешенінде ұйымдастырылған. Биылғы жарысқа Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстанның Самарқанд пен Навои қалаларынан келген спортшылар да қатысуда. Бұл турнирде 5 жастан бастап 600-ден астам гимнастшы жеке бағдарлама мен топтық жаттығу бойынша өз шеберліктерін көрсетеді. Айта кетейік, бүгінде қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде 40 жаттықтырушы-хореограф 400-ден астам баланы осы спорт түріне баулып келеді.








