• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

КӨК ТУДЫ КӨККЕ КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР

27.11.2025
0

Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер ел қоржынын толтырды. Ішінде мегаполистің жас өрендері де бар. Әлемдік додада көк туды көкке көтерген шымкенттік қос чемпионды жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Шымкент теміржол вокзалы бұл күні қуаныш пен мерекенің ордасына айналды. Спорттан ел мерейін үстем еткен чемпиондарды қарсы алуға және құттықтауға келгендер көп.
Асыға күткен сәт те келіп жетті. Жүрдек пойыз перронға тоқтаған сәтте жанкүйерлер ерекше толқыды. Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы сайыста алтын медаль иеленген Максим Сажнев пен қола жүлдегер Ольга Изюмникова көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Бахрейннің Манама қаласында ел намысын қорғаған жеңіл атлет Максим Сажнев диск лақтыру сайысында жеңімпаз атанды. Ол ең үздік мүмкіндігінде 63.23 метр нәтижесін көрсеткен. Бұл жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жаңа рекорды болды. Максимнің спортқа жақын болуы тегін емес. Анасы да спортшы. Ұлының бұл жеңіске төрт жыл бойы табанды дайындалғанын айтқан анасы қуанышын жасыра алмады.
1 метр 65 сантиметр биіктікке секірген Ольга Изюмникова қоланы місе тұтты. Елге оралған ол табанды дайындықты жалғастырып, келесі жарыстарда алтыннан алқа тағуды мақсат етіп отыр.
Мұндай нәтиже — ең алдымен қажырлы еңбектің жемісі. Спортшылардың әр жеңісінің артында ұстаздарының өлшеусіз еңбегі бар. Болашағынан зор үміт күттіретін қос спортшының бұл жетістігі – ел намысын биік ұстайтын жас буынның әлеуетін көрсетеді. Азия ойындарындағы жеңіс – олардың спорттық жолындағы алғашқы үлкен белес қана. Ендігі мақсат – әлем чемпионаты мен Олимпиада төрінен де ел туын көтеру.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Балалардың жолда жүру қауіпсіздігі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Себебі соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жазатайым жағдайлар жиілеп...

ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Шымкент қаласының Полиция департаментінде Ішкі істер министрлігі ардагерлерінің күніне орай іс-шара өтті. Шара қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерге...

ЖҰМАГҮЛ СӘУІРБАЕВАНЫҢ ЕСІМІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

ЖҰМАГҮЛ СӘУІРБАЕВАНЫҢ ЕСІМІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Тәшенев университетінің базасында жаңа оқу корпусы ашылды. Білім мен еңбекті ұштастырған Социалистік Еңбек Ері Жұмагүл Сәуірбаеваның есімі енді жас буынға...

МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯНЫҢ НАЗАРЫНДА

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Шымкентте ақын, сазгер Несібелі Есенбекованың 75 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Мерекелік жиында ақынның жырлары мен әндері орындалып, көрерменнің...

ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет тенистен Қазақстан Кубогы өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген ерлер және әйелдер командалары бас қосып, спорттық додада ең...

МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯНЫҢ НАЗАРЫНДА

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КҮН

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Шымкентте Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік концерт өтті. Жиында Қоғамдық жұмыстарда көзге түскен белсенді студенттер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Шараның...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.