Енді пайдаланушыларға үш нұсқа қолжетімді:
• eGov QR – eGov Mobile қосымшасымен QR код сканерлеу;
• ЭЦҚ арқылы кіру – SMS-кодпен растау;
• Логин мен пароль – ЖСН мен пароль енгізіледі, ал жеке тұлға ЭЦҚ арқылы расталады.
eGov QR мобильді қосымшаны жиі пайдаланатындарға арналған. Логин-пароль механизмі байланыс әлсіз аймақтарда ыңғайлы, себебі SMS қажет емес. Парольді қалпына келтіру мүмкіндігі де бар. Жүйе деректерді автоматты анықтап, ЭЦҚ арқылы растаған соң, жеке кабинетке қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі.









