• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

16.09.2025
0

Шымкентте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы бойынша жиын өтті. Қала әкімдігінде өткен алқалы басқосуда Президент айқындаған жаңа бағыттардың маңызына тоқталып, оларды жүзеге асыру жолдары жан-жақты сараланды. Жиынға қала әкімі, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жолдаудағы бастамалардың ел дамуына ықпалы сөз болып, алдағы реформаларды нақты іс-қадамдар арқылы жүзеге асырудың тиімді тәсілдері қарастырылды.Президенттің кезекті Жолдауына қатысты басқосқан әкімдіктің қызметкерлері, қоғам белсенділері кеңестің басын Әнұранмен басталды. Қала әкімі Президент Жолдауы елдің даму бағытын нақты айқындайтынын атап өтті. Ол Жолдауда көтерілген экономикалық өсім, әлеуметтік тұрақтылық және ғылым мен әділеттілік мәселелеріне назар аударды. Әкім бұл бастамалар ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, әр азамат өз еңбегімен ел игілігіне үлес қосуы қажет екенін атап өтті. Жиында мәслихат төрағасы инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуді шақырды. Сондай-ақ, жасанды интеллект пен цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің жолдауында жасанды интеллект сөзі 31 рет, ал цифрландыру сөзі 47 рет қайталанып, олардың маңыздылығы көрсетілді. Бұл мәселелердің әрқайсысы еліміздің дамуы үшін аса маңызды. Қоғамдық кеңестің мүшесі Біржан Байтуов мәдениетті қала болуымыз керек деп айтты және Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген даналық сөзін мысалға келтірді. Яғни қоғамда мәдениетті қалыптастыру  міндеті тұр. Ғабит Сыздықбеков бұл бағытта жұмысты жүйелі ұйымдастыруды, мектеп бағдарламаларына осы мәселелерді енгізуді ұсынды.

Шымкент қаласы ел үшін маңызды міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысады. Қала әкімі экономика мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі жалғасатынын атап өтті. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты назарда болады. Инвестиция көлемін арттыру және «Smart Shymkent» жобасы аясында пилоттық жоба енгізу жоспарлануда. Жалпы кезекті Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер Шымкент қаласында өткен кеңесте де кеңінен талқыланды. Кеңес барысында сала басшыларына нақты міндеттер жүктеліп, оларды тиімді жүзеге асырудың жолдары айқындалды. Бұл – еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеу жолында ерекше маңызға ие қадамдардың бірі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНА — 25 ЖЫЛ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент жүрек орталығына – 25 жыл. Атаулы күнге орай орталықтың өз базасында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық...

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласында №145 мектепте «Егемен ел – жарқын болашақ» тақырыбында «Прокурор сағаты» өтті. Шарада оқушыларға қылмыстың қауіптілігі, қылмыстық жауапкершілік пен...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте қазақ күресінің байрағы тағы да биікке көтерілді. Аса ауыр салмақтағы балуандар арасында дәстүрлі, 13-рет ұйымдастырылып жатқан «Шымкент барысы» турнирі...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар шеберлігін дәлелдеді. Байрақты бәсекеде олар ел намысын асқақтатып, 1 алтын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

9 қыркүйек — Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ күні. Осыған орай Шымкентте ұлттық ойынға арналған спорттық  дода өтті. Бұл бәсекеге спорт басқармасына қарасты...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Үшінші мегаполисте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт » атты республикалық жоба таныстырылды. Бұл жоба – ұлттың зияткерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.