• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

43 ЖАСЫНДА ҮШЕМ СҮЙГЕН АНА

20.08.2025
0

     №1 облыстық перинаталдық орталығында ерекше әрі қуанышты оқиға орын алды. 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева, екі ұл мен алты қыз тәрбиелеп отырған ана, үшемді өмірге әкеліп, отбасындағы бала саны 11-ге жетті. Ана мен нәрестелердің жағдайы тұрақты болғандықтан, дәрігерлер оларды перзентханадан үйлеріне шығарды.

    Жүктіліктің 35-аптасында көп ұрықты жүктілікке байланысты дәрігерлер ана  мен балалардың қауіпсіздігін ескере отырып, жоспарлы түрде кесарь тілігін жасау шешімін қабылдаған. Хирургиялық ота сәтті өтіп, 12:46 мен 12:48 аралығында үш бірдей сәби жарық дүние есігін ашты. Сәбилердің әрқайсысы ерекше есімдерге ие болды: Аслан – 2265 грамм, Алихан – 2455 грамм, Алинур – 2405 грамм болып дүниеге келді. Мезгілінен ерте туылғанына қарамастан, олардың жағдайы алғашқы күннен бастап тұрақты деп бағаланды. Үшемдер жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде дәрігерлердің қатаң бақылауында болды. Ана сүтімен қоректеніп, біртіндеп салмақ қосып, жақсы дамып келеді. Бұл – білікті мамандар мен заманауи медицинаның жемісі.

    Айта кету керек, бұл – Орынкүл ханымның тоғызыншы жүктілігі және сегізінші рет босануы. Бұған дейін бұл отбасында екі ұл мен алты қыз тәрбиеленіп жатқан. Енді үшемнің өмірге келуімен шаңырақтағы бала саны 11-ге жетіп отыр. Бұл – қазақы қайсарлық пен төзімділіктің, үлкен жүректі ананың өмір жолындағы үлкен белесі. Ана атанған 6 қыздың ішінде екеуі тұрмыста, ал Орынкүл Нұрабаева 43 жасында 5 немеренің әжесі атанып отыр. Осындай кең пейілді, бірлігі жарасқан үлкен әулеттің бары – елдігіміздің көрінісі.

    Ауыл шаруашылығымен айналысатын бұл еңбекқор отбасының қуанышы бүгінде елге үлгі. Үшемдерді үйде әкесі, ағалары мен әпкелері тағатсыздана күтіп отыр. Бұл сәт – тек бір отбасының қуанышы емес, бүтін бір ауылдың шаттығы дер едік.

№1 облыстық перинаталдық орталығының ұжымы көпбалалы отбасын осы ерекше жаңалықпен шын жүректен құттықтап, сәбилерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі. Сонымен қатар, орталық атынан жаңа туған нәрестелерге арналған арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл – дәрігерлердің адам өміріне деген жанашырлығы мен ізгі ниетінің жарқын көрінісі.

Жалпы, 2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталықта 4050 нәресте дүниеге келген. Олардың 72-сі – егізде. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 271 балаға артық. Бұл – өңір халқы өсімінің, отбасылар арасындағы берекенің нақты дәлелі. Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері 285 егіз және 2 үшем тіркелген. Осындай қуанышты статистика – ана махаббатының, отбасы жылулығының, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

     Мемлекет басшысы дамыған демократиялық қоғам құру – бұл дәйекті және жүйелі жұмыс екенін түсіну керектігін баса айтты. Демократия – бұл әрқайсымыздың күнделікті тынымсыз еңбегіміз. Мұнда ғылыми қоғамдастықтың рөлі де, мәні де өте зор. Жалпыреспубликалық референдум жаңа әділетті Қазақстанды құрудың маңызды бастамасы болады», деді Президент Қасым Жомарт Тоқаев.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.