• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ӘЛЕУМЕТТІК МЕД САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

09.08.2025
0

Мегаполисте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістер таныстырылды. Сала мамандары жүйенің тиімділігі, сақтандыру мәртебесін анықтау тәртібі және тұрғындардың қамтылу деңгейі жөнінде мәлімет берді. Қазір қалада 1 миллионнан астам адам медициналық сақтандырылған. Бұл — мегаполис халқының 80 пайызынан астамын қамтиды.


Қазіргі таңда мегаполисте 700 мыңнан астам адам жеңілдік санатына жатқызылған. Олардың сақтандыру жарнасын мемлекет өз мойнына алған. Алайда қалада 237 мыңнан астам адамның медициналық сақтандыру мәртебесі жоқ. Оның ішінде 56 мыңнан астамы – әлеуметтік осал топ өкілдері. МӘМС туралы заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар әл-ауқаты төмен, яғни дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы азаматтар үшін жарна төлеуді өз мойнына алады. Бұл – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.


Тағы бір өзгеріс — енді 5 жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтар жұмыссыз қалған жағдайда сақтандыру мәртебесін 6 ай бойы сақтай алады. Бұрын бұл мерзім небәрі 3 ай болатын. Бірақ бұл кезеңде де азаматтар жарна төлемеген болса, кейін қарызын өтеуі қажет. Сонымен қатар, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін жарна жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бұл – әкімдіктерге жұмыспен қамту және кедейлікті азайту бағытында қосымша жауапкершілік жүктейді.


Биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жоғары технологиялы көмекке ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері жалпы құны 1,8 миллиард теңгеден асатын 500-ге жуық жоғары технологиялы операция жасалған. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы бұл күрделі оталардың құны бірнеше миллионнан бастап, 70 миллион теңгеге дейін жетеді. Жыл басынан бері қала тұрғындарына 3,5 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Қаржыландырудың негізгі бөлігі – мамандандырылған стационарлық көмек пен жоғары технологиялы операцияларға бағытталған. 2024 жылы 137 мыңнан астам науқас стационарлық ем қабылдаса, оның 120 мыңнан астамы — МӘМС аясында, қалғаны — кепілдендірілген тегін медициналық көмектің шеңберінде емделген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА

ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
09.08.2025
0

Елімізде жер сілкінісі жиі тіркелетін өңірлердің қатарында Шымкент алғашқы үштікте. Миллионнан астам тұрғыны бар қала үшін бұл — үлкен қауіп....

ТУРИЗМ МАМАНДАРЫ ҮШІНІШІ МЕГОПОЛИСТЕ

ТУРИЗМ МАМАНДАРЫ ҮШІНІШІ МЕГОПОЛИСТЕ

Айғақ медиа
09.08.2025
0

Туризм мамандары – Шымкентте бас қосты. Үшінші мегаполисте соңғы жылдары туризм саласы қарқынды дамып, қалаға келетін туристердің саны айтарлықтай артқан....

АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА

АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА

Айғақ медиа
09.08.2025
0

Шымкентте 300 заманауи аялдама пайдалануға берілді. Жолаушылардың жайлылығы үшін қалада жаңа үлгідегі металл және шыны павильондар орнатылуда. Бүгінде жеке инвесторлардың...

ҚАРАБАСТАУЛЫҚТАР ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ҚАРАБАСТАУЛЫҚТАР ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Айғақ медиа
09.08.2025
0

Енді Қарабастау тұрғындары отын тасып әуре болмайды. Себебі елдімекенде көгілдір газ желілері іске қосылды. Бұл жоба былтыр тамыз айында бастау...

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ НАЗАРДА

МӘДЕНИЕТ — ҰЛТТЫҢ ІРГЕТАСЫ

Айғақ медиа
08.08.2025
0

Мәдениет саласы мамандарының жалақысы төмен. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбаровамен кездесу барысында сөз қозғалды. Сондай-ақ, жиын барысында...

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ НАЗАРДА

ҮШЕМДЕР 56 КҮННЕН КЕЙІН ҮЙІНЕ ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
08.08.2025
0

Шымкентте жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді. Ерте туған сәбилер 56 күн бойы медицина мамандарының бақылауында болған. Қазіргі таңда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.