Шымкент қаласында азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған маңызды басқосу өтті.«Generation» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстанда азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілету» жобасы аясында тренинг ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың өз құқықтарын қорғаудағы белсенділігін нығайту.
Бұл бастама Демократияны қолдау жөніндегі ұлттық қордың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Қатысушылар адам құқықтарын қорғау тетіктерімен танысып, әлеуметтік мәртебелеріне сай өз құқықтарын қалай қорғай алатыны жөнінде нақты ақпарат пен тәжірибе алады. Тренинг интерактив форматта өтеді: пікірталастар, практикалық тапсырмалар, сарапшылар мен заңгерлердің дәрістері арқылы қатысушылар өз құқықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласу жолдары мен механизмдері де кеңінен талқыланады. Жоба серіктестері ретінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы «Береке» және «Феникс» қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ «Korgau human rights foundation» құқық қорғау қоры атсалысуда. Бұл тренинг – адам құқықтарын қорғау бағытында нақты әрекеттерге бастайтын маңызды алаң болмақ.