Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу барысында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар тыңдалды. Қабылдауға алдын ала жазылған 4 азамат қатысты. Олар негізінен құқық қорғау саласына қатысты өтініш-шағымдарын жеткізді. Атап айтқанда, азаматтар құқық қорғау органдарына шағымданды. Кейбір тұрғындар жеке басының және отбасының құқығы бұзылғанын айтып, көмек сұрады. Сенаторлар әрбір өтінішті мұқият тыңдап, кейбір мәселелерді жергілікті деңгейде шешу үшін әкімдікке және құзырлы орындарға тапсырма берді. Қоғаммен ашық диалог орнату Сенат жұмысының басым бағыттарының бірі.
2026 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСЕДІ
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнетақы төлемдерінің мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.Министрліктің мәліметінше,...