Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша елімізде алғашқы үштікте. 2024 жылы қалада 25 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Осы өзекті мәселемен күресу мақсатында республика көлемінде «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды. Жоба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қатысуымен өткен жиында таныстырылды. Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерінің қатысуымен өткен жиында «Әділ қоғам» жобасының ресми таныстырылымы өтті. Бұл жоба мәдени-ағартушылық бағытпен қатар, жемқорлыққа қатысты сын-қатерлердің алдын алуға арналған заманауи тәсілдерді, ашықтықты және қоғамдық бақылауды қамтиды. Мақсаты – әділдік қағидаларын қоғам санасына сіңіру. Қазірдің өзінде бұл бастама еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырыла бастады.
Жиын барысында «Әділ қоғам» жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, мәдениет және ақпарат саласымен бірлесіп атқарылатын жұмыстар ұсынылды. Шарада Қазақстанның Құрметті судьясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қанша жоба құрылсада бірінші тәртіп пен жемқорлыққа қарсы күрес өзімізден басталады деп айтты. Жобаның басты ерекшелігі – мәдениет пен парасаттылықты ұштастыра отырып, қоғамда әділеттілік пен адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Платформа аясында ашық диалогтар, шығармашылық кездесулер, подкасттар мен ағартушылық жобалар қолға алынып, әр өңірде түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде.
Бұл – тек жекелеген науқан емес, ел болашағына бағытталған ұзақмерзімді стратегиялық қадам.