«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН
Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды, олар жылдар бойы өздерінің қажырлы еңбегімен ұлт денсаулығын сақтауға зор үлес қосып келеді.
Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын тағайындады, ол дәрігерлерге деген ерекше құрмет символына айналды. Бүгін медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент соңғы бес жылда денсаулық сақтау саласындағы жалақы екі есеге жуық өскенін атап өтті. Бейінді университеттер мен колледждерде стипендиялар ұлғайды. Сондай-ақ білікті дәрігерлерде тәлімгерлікті ұйымдастыру және жас мамандарды одан әрі бейімдеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.
Ол мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. «Дәрігерлерді халық денсаулығын сақтаушылар деп атайды. Әр адам осы шындықты жақсы біліп, олардың жұмысын құрметтеуі керек. Алайда, өкінішке орай, біздің қоғамда медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіретін, кейде тіпті олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдар әлі де бар. Мұндай заңсыз әрекеттерге мүлдем жол берілмейді. Қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдар міндетті түрде заңның барлық қатаңдығына жауап береді. «Заң және тәртіп» қағидаты мүлтіксіз және барлық жерде сақталуы керек. Тек осылай ғана біз әділ және қауіпсіз Қазақстан құра аламыз. Бұл тұрғыда медицина қызметкеріне айрықша рөл беріледі,-деп атап өтті бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биылғы жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына 8 дәрігер ие болды, оның ішінде: Тұрсынгүл Көбжасарқызы Ботабекова, «Қазақстандық офтальмологтар қоғамы» РҚБ президенті, Орынбай Дайырбекұлы Дайырбеков, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жақсылық Ақмырзайұлы Досқалиев, еңбек ардагері, Азамат Белгібайұлы Мағзұмов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық аурухана» КМК терапевт дәрігері, Сергей Львович Новичевский, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК бөлімше меңгерушісі , Жекшембай Нсанов, Атырау облысының еңбек ардагері, Айслу Сағадатқызы Нұрмағамбетова, «MedLineСервис» медициналық орталығының оториноларинголог дәрігері, Асылбек Тоқмырзайұлы Тогизбаев, «Дертке дауа» ЖШС клиникасының директоры.
Бүгінгі таңда республиканың денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 80 мыңнан астам дәрігер мен 190 мың мейіргер жұмыс істейді.Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді...
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан...
31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Іс-шара барысында...
Конституция мәтінінде республикалық референдум ұғымы жалпыхалықтық референдум деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті...
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан,...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.