• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-ОРЫНАЛДЫ

17.03.2025
0

Сербияның Ниш қаласында мәресіне жеткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін аса сәтті аяқталды. Бірнеше жылдық үзілістен кейін ұлттық құрама жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел қоржынына үш алтын, екі күміс және бір қола медаль салды. Бұл көрсеткіш – Қазақстан әйелдер құрамасының әлемдік аренадағы орнының нығайғанының белгісі. Бұған дейін әйелдер құрамасы 2016 жылы елордада өткен әлем біріншілігінде 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алған еді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Отандық боксшылардың жетістігі

Биылғы додаға Қазақстан толық құраммен қатысты. Турнир барысында жерлестеріміз 35 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сында жеңіске жетті.

Алтын медаль иегерлері:
• Назым Қызайбай (48 кг) – тәжірибелі боксшы бұл жеңісімен Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары әлем біріншілігінде топ жарған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назымды әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтап, оған зор табыс тіледі.

– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербиядағы Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деді Президент.

• Алуа Балқыбекова (50 кг) финалда қытайлық боксшыны айқын басымдықпен (5:0) жеңіп, әлем чемпионатының барлық жүлде жиынтығын иеленген боксшы атанды. Жерлесіміз бұған дейін 2022 жылы Түркиядағы әлем чемпионатында күміс, 2023 жылы Үндістандағы дода қола медаль жеңіп алған еді.

 • Аида Әбікеева (63 кг) – өзінің шеберлігін дәлелдеп, финалда сенімді жеңіске жетті. Осылайша былтыр Азия біріншілігінде үздік шыққан ол биыл әлемдік деңгейдегі алғашқы алтын медалін иеленді.

Күміс жүлдегерлер:

• Виктория Графеева (60 кг) – финалға дейін сенімді өнер көрсетіп, ақтық сында ғана қарсыласына есе жіберді.
• Елдана Тәліпова (+81 кг) – ауыр салмақтағы еліміздің ең үздік боксшылардың бірі екенін дәлелдеп, күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлде:
• Наталья Богданова (70 кг) – жартылай финалда жеңіліс тапқанымен, әлемдік деңгейдегі үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Чемпионаттағы ерекшеліктер

— Қазақстан әйелдер құрамасы бұл әлем чемпионатында өз тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірін көрсетті.
— Жарысқа 51 мемлекеттің өкілдері қатысты. Ал Қазақстан, Сербия, Ресей және Өзбекстан боксшылары толық құраммен бақ сынады.
— Жекпе-жектердің екеуінде жеңіс қазақстандық боксшыларға қарсыластары рингке шықпағандықтан автоматты түрде берілді.

Жалпыкомандалық есеп

Қазақстан бұл чемпионатта жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

1-орын: Ресей – 4 алтын, 1 күміс, 2 қола
2-орын: Қазақстан – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола
3-орын: Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

Бұл чемпионат қазақстандық спортшылардың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сербиядағы тарихи жетістік – алдағы жарыстарға тың серпін беретін маңызды кезең.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНДА ӘКІМ ТАЛ ЕКТІ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қала әкімі де атсалысты. Іс-шара барысында мегаполис көшелеріне шынар мен қайың ағаштары отырғызылды. Бұл...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ПРЕМЬЕРА

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте  қуыршақ театры көрермендерге жаңа туындысын ұсынды. Ертегі желісі бойынша сахналанған «Қасқыр болғым келеді» қойылымы бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады. Премьераға...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САДАҚ АТУДАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛУДА

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте садақ атудан Қазақстан Республикасының кубогінің финалдық кезеңі өтуде . Елдің ең үздік мергендері жиналған бұл шешуші дода да ең...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өз жалауын көтерді. Аламан додаға әлемге танымал жеңіл атлетика майталманы Ольга Рыпакова арнайы қатысып,...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАСТАРДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Қазіргі қоғамда қыз-келіншектердің денсаулығына қатысты түрлі мәселелер өзекті. Осыған орай, «AMANAT» партиясының «Әйелдер қанаты» ұйымдастыруымен «Жастардың репродуктивті денсаулығы. Сау жүктілікті...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН БАПКЕРДІҢ БОКС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте жаңа спорт залы ашылды. Ливерпульде өткен әлем чемпионатында бір үйден қос бірдей чемпион тәрбиелеген білікті жаттықтырушы жеке академиясын іске...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.