Қаламызда ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлердің қатысуымен суретші-дизайнерлердің фестивалі өтті. Қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен өткен Ұлттық нақыштағы киімдердің сәндік көрсетілімі — жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды.
Қазақтың ұлттық киім үлгілерін жастарға насихаттау мақсатында қаламызда “Ұлттық киім – ұрпаққа мұра”атты фестивальі өтті. Фестиваль барысында қазақтың ұлттық нақышта әзірленген этностильдегі киімдерді дизайнерлер жұртшылық назарына ұсынды. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, сондай-ақ қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы қатысып, ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлерін құттықтады. Фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этностильдік топтамасы бойынша Өзібекәлі Жәнібеков атындағы «Ақ баян» сән театры , Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің ұлттық киім үлгілерінің топтамасы, «Ару аналар» топтамасы ,№5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің сәндік киім үлгілер топтамасы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» сәндік киім үлгілерінің топтамасы, «Асыл мұра» ұлттық киімдер топтамасы және Орталық Азия инновациялық университетінің «Сән» тобы подиумда киімдерін келген көрермендерге таныстырды.