• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІ ЕЛДЕРІНЕ ОРТАҚ ТЕЛЕАРНА АШУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

13.11.2024
0

Түбі бір түркі жұртының журналистері Алматыда бас қосты. Түркі елдерінің медиа және туризм бірлігін бекемдеген IV халықаралық форум ақпарат саласындағы өзекті мәселелер — адалдық пен шынайылық, қауіпсіздік пен медиа сауаттылық тақырыбын қозғап, кәсіби мамандар тәжірибесімен бөлісті. Төртінші биліктің тек ақпарат таратып қана қоймай,  қоғамдық сананы қалыптастырушы жойқын қару екенін айтқан сарапшылар әріптестерімізге салмақты әрі сыни көзқарастың болуы маңызды екенін  айтты. Сондай-ақ, форумда түркі жұртына ортақ телеарна ашу жоспары қаралып жатқаны белгілі болды.

 «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен   «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбында халықаралық  IV медиа форум  өтті. Оңтүстік астанадағы еркін пікір алаңына Ұлыбритания, Германия, Түркия, Өзбекстан елінен  туризм және медиа саласының мамандары арнайы келді. Форумға сонымен қатар, Қазақстанның әр аймағынан масс-медиа саласының өкілдері қатысып, халықаралық деңгейде пікір айтып жүрген кәсіби мамандардан сабақ алды. Шараны ұйымдастырушы  «Түркітілдес журналистер қоры». Құрылғанына 10 жыл толған қоғамдық қордың президенті Нәзия Жоямергенқызы қазақ тілді журналистердің кәсіби білігін арттырып, әлемдік деңгейге шығару басты мақсатымыз дейді.

11-12 қарашаға жоспарланған форумда түркі елдеріндегі туризм және PR, геосаяси ахуал және нарық, ақпаратты тұтынудың болашағы: жасанды интеллект, жаңа форматтар, аймақтық БАҚ және бәсекелестік тақырыптары қозғалып,  пленарлық отырыс өтті. «Түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ділі мен діні, мәдениеті мен ұстанымы ұқсас түркі елдерінің ақпарат айдынындағы жұмыстары да маңызды дейді.

«IV халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының» алғашқы пленарлық отырысы “Түркі елдеріндегі туризм және PR” тақырыбына арналды. Түркі елдеріндегі туризмнің даму үдерісі, түйіткілі мен мүмкіндіктері талқыланды. Отырыс барысында сөз алған “Халык сузи” газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усмановтың “Өзбекстан туризмінің даму келешегі” туралы презентациясына қарап, еліміздің туризм саласында кенжелеп келе жатқанын аңғаруға болады. Спикердің сөзінше көрші елде туризм саласын дамытуға ерекше басымдық берілген. Тек насихаттап қана қоймай, бүгінде туристер үшін қабылданған заңдар мен олардың ыңғайлылығы үшін қабылданған шараларынан Қазақстан үлгі алуы тиіс сияқты. Ащы болса да шындық сол, кенжелеп дамып келе жатқан еліміздің туризм саласын дамытуда алысқа бармай-ақ, көрші елден үйренеріміз көп секілді.

Мамандардың пікірінше, ақпаратты таратуда адалдық пен шынайылықты ұстану, қауіпсіздікке баса назар аудару, және медиа сауаттылықты арттыру – заманауи қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі факторлар. Бұл ретте Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлұ екі елдің  медиа және туризм саласындағы бірлескен жұмыстары жайлы айтты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия алдағы уақытта түркі дүниесіне ортақ телевизия ашуды жоспарлап жатыр екен.

Цифрлық технологияның көз ілеспес қарқынмен дамып кеткені сонша, қазіргі уақытта ақпаратты тарату барысында бірқатар мәселелер бар. Объективтілік, жалған ақпарат, цензура, қаржылық тәуелділік. Сапаға емес, санға жарыса жазатын медиа құралдар бұл арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан журналист шынайы әрі объективті пікірінен айнымайтын, кәсіби этика мен адалдықтан аттамайтын, новаторлық мүмкіндіктерді терең меңгерген маман болуы қажет. Осы мақсатта ұйымдастырылған форумның қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллектінің қол жеткізген мүмкіндіктері және журналистік этиканы сақтау жолындағы маңызды қадамдарды нақтылады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.