Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылдан бері қолға алынған велошеру 2024 жылы өз жалғасын табуда. Жиынға 18 жастан асқан спортшылар мен қоса жасы үлкен велошабандоздарда қатысты. Спортшыларымыз 120 шақырымды бағындырды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға шет мемлекеттен де спортшылар қатыстып, бақ сынады. Спортшылар бар күшін салды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастырумен өткен жиынға 150 қатысушы ниет білдірген.
Велошерудің ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, спортшыларға жылы тілектерін білдірді.
Қатысушылар сайт арқылы тіркеліп өтініш қалдырған. Шымкент қаласынан бастау алатын велошеру Жібек жолы бекетіне дейін барады. Спортшылар бар өнерін көрсетіп мәреге жетуге асықты. Спорт денсаулық кепілі демекші. Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты денсаулықты барынша қадағалап жақсарту. Жиын соңында салауатты өмір салтын насихаттаған спортшыларға мәре сызығында медаль берілді. Шараға келген спортшы, көрермен бұндай сайыс ендігі уақытта жиі ұйымдастырылып тұрса деген ниет білдірді.