• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТІЗГІНІН ҚОЛҒА АЛДЫ

05.11.2024
0

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Төлеби ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі болып Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа әкімнің кандатурасына қолдау білдірді.

Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелер міндеттеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген бағытта халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді, ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, инвестициялар мен озық технологиялар тартып, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасап, ауыл, елді мекендері жайлы, қауіпсіз, таза әрі көрікті аумаққа айналдыруды тапсырды.

– Бүгін аудандық мәслихатының сессиясына Төлеби ауданы әкімі қызметіне жаңа кандидатура ұсынылып, депутаттар тарапынан қолдау тауып отыр. Біздің басым бағыттарымыз белгілі. Ол – өндіріс орындары мен зауыттар ашу, инвестиция тарту. Оған қоса Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту керек. Мүмкіндік мол. Жұмысты ширату керек. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және басшылық қызметтерде шыңдалған Еркеғали Амантайұлы бұл бағытта жүйелі іс атқарады деп сенемін. Ауданның даму жоспарын нақтылап, жалпы өнім көлемін, өзіндік кірістерді арттыру керек, – деді Дархан Сатыбалды.

    Еркеғали Әлімқұлов 1981 жылы 6 маусымда Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандықтары — кеден ісі, құқықтану, экономика.  Еңбек жолы:
🔹Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы (2003-2005);

🔹Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Отын-энергетика кешенін талдау және реттеу бөлімінің бас маманы (2005-2007);

🔹Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Тауар нарықтарын талдау дирекциясының Отын-энергетика кешенін талдау және реттеу бөлімінің бастығы (01.2007-2008 ж.);

🔹Тауар нарықтары мен бірігулер мониторингі мен талдау департаментінің Басқа салалар мониторингі және талдау, Отын-энергетика кешенінің мониторингі және талдау басқармасының басшысы, Отын-энергетикалық кешеннің мониторингі және талдау дирекциясының басшысы; Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаменті, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаменті директорының орынбасары (04.2008-11.2010);

🔹Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының басшысы (11.2010-05.2011);

🔹Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары (05.2011-07.2012);

🔹Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының кеңесшісі (08.2012-02.2013);

🔹Қазақстан Республикасы Резидент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (02.2013-04.2016);

🔹Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (04.2016-07.2018);

🔹Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы (07.2018-04.2021);

🔹Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры (04.2021-05.2021);

🔹«Астана» ӘКК» АҚ төрағасы (06.2022-01.2023);

🔹Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы (01.2023 ж. бастап бүгінгі күнге дейін).

✔️Еркеғали Әлімқұлов пен Төлеби ауданының осыған дейінгі әкімі Төлеген Телғараевтың 2016-2018 жылдары қызмет жолдары қиысқан. Төлеген Тұртайұлы сол жылдары Қазығұрт ауданын басқарса, Еркеғали Амантайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған болатын.

🗣️Түркістан облысындағы экологиялық туризмі дамыған ауданды тізгіндеуді қолға алған Еркеғали Әлімқұловты жаңа қызметімен құттықтаймыз! Ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартып, табанды еңбек ете беріңіз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.