Халықаралық “Жұбановтар әуені” байқауының лауреаты атанған “Сүгір “ атындағы қазақ ұлт- аспаптар оркестірінің “Ғұмыр дария” атты еске салу кеші өтті. 22жылдық тарихы бар Сүгір атындағы ұжымның бұл шарасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұсабек Жарқынбеков пен ҚР мәдениет қайраткері Есіркеп Жолдасовты еске алуға арналды. Жиынға асыл өнерді құрмет тұтқан көрермен қатысты.
“Ғұмыр дария” атты еске салу кешіне басқа қалалардан да өнер сүйер тұлғалар келді. “Сүгір“ атындағы қазақ ұлтық аспаптар оркестірінің , Мәдениет саласының үздігі Шыңғыс Исаев дирижерлық етті. 50ге жуық аспапшылар өнер көрсетті. Құрманғазының Серпер, шалқыма туындыларын оркестірмен өрнектей білді. Николай Будашкин “Русская фантазия” шығармасын халыққа оркестірдің сүйемелдеуімен ұсынды.
Қос бірдей тұлғаның өміріне шолу жасалып , алғашқы өнер жолына қалай келгені жайлы арнайы видеоролик көрсетілді. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ғалия Жомартова Ермұрат Үсеновтің “Арнау “ шығармасын көрерменге ұсынды. Филармония директорының орынбасары Айзада Өтегенова сөз сөйлеп халықтың құрмет-көшеметіне бөленді.
Оркестрдің сүйемелдеуімен Мұхтар Шаханов пен Шәмші Қалдаяқовтың “Өмір өзен”, Сыдық Мұхаметжановтың “Шаттық отаны”, Қуаныш Төлеметовтың “Ән еркесі” сынды туындылары қойылды. Жиынға қазақтың ұлттық өнерін бағалайтын ақсақалдар мен жастар жиналды. Өмірін өнермен үйлестірген жарық тұлғалар ел есінде болатыны анық.