Мегаполистегі балалар кітапханасында Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының–95 жылдығына орай «Театр–мәдениет ошағы» атты театр әртістерінің қатысуымен кездесу кеш өтті. Театр — мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын жас буынға түсіндіру мақсатымен өткен жиынға 80-ге жуық көрермен қатысты. Ол мәдениет қайраткерлері, мұражай қызметкерлері бар. Сондай-ақ, студенттер мен оқушылар, балабақша бүлдіршіндері де келді.