Петро Қазақстан ұжымы 500 дана көшет отырғызды. Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі саналатын мекеме осылайша қала тазалығына өз үлестерін қосуда. Аталмыш шараға сондай-ақ, ұжымда еңбек ететін қызметкерлердің балалары да қатысты. Таза Қазақстан бағдарламасына сәйкес мекеме ауласына, Қарабастау, Бадам, Жұлдыз елді мекендеріне алма,өрік ағаштары егілді.
Мекеме ұжымы алдағы 2 жылда 100 мың тал көшетін отырғызуды жоспарлап отыр. Игі шараға 50 ге жуық оқушы ат салысты. Балалар мен ата-аналарының қатысуымен жасыл желектің саны көбейіп, елді мекен тұрғындарының алғысын алды.
Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек-бұл өмір салтына айналуы тиіс деген еді президентіміз. Бүкіл Қазақстан таза болуы керек, бұл бізге және жастарға байланысты. Ұжым осы негізде жастарға ата — аналарымен байланысты күшейтіп мекеме жұмысшылары өз балаларын еңбекке баулыды.
“ПетроҚазақстан” компаниясы кен орындарын геологиялық барлап, қазбалап, мұнай мен газ өнімдерін өндейді. Компанияның өз өнімінің сапасын жақсарту үшін және қызметінің тиімділігін арттыру үшін кең мүмкіндіктер қаралған. Кәсіпорын К-4 және К-5 экологиялық стандарттарына сай мұнай өнімдерін өндіруге мамандандырылған. Сондай-ақ бұл ұжымда 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс атқарады.