Президенттің кеңесшісі мегаполис жастарымен кездесті. Жүздесуде Жолдаудың жастарға жүктеген міндеттері айтылып, елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын жас толқынның білім бәсекесінде алда болу керектігі сөз болды. Сондай-ақ, бүгінгі күннің негізгі тақырыбы — АЭС жайлы пікір алмасты.
Болашақ жастардың қолында. Президентіміздің жолдауында айтылған білім беру , жастарды қолдау және технологияларды игеру бағыттарына баса назар аударды. Мәлік Нұржанұлы кездесудің жастар үшін маңызды екенін айтып, қоғамдағы өзгерістерге жастардың белсенділігі қажет екендігін айтты. Кездесу барысында белсенді жастарда өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды. Өзекті мәселелерді талқылап АЭС салу туралы ойларын жеткізді. Жастардың пікірінше атом электр станциясы еліміздің энергия тапшылығы мәселесін жояады. Жастар мемлекет басшысыныңжолдауына шолу жасап, ондағы бастамалар жас буын үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Білім беру, экология және инавация саласындағы реформаларға көңіл бөлді. Жастар ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді. Кездесу соңында қатысушылар алдағы Референдумға дайындықты жеделдету және жастар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.