№2 Оқушылар сарайында ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күні өтті. Тарихы тереңде жатқан шымшаһарда ерекше дизайнмен бой көтерген оқушылар сарайы 2023 жылы пайдалануға берілді. Мекеменің ерекшелігі мұнда әр түрлі саладағы үйірмелер бір жерге топтастырылған. Үш қабаттан тұратын ғимаратта 6-бағыттағы 65 түрлі үйірме жұмыс істейді. Үйірмелер заман талабына сай құрылғылармен жабдықталып, оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Оқушылар сарайында гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша журналистика, шешендік өнер, ораторлық өнер, ағылшын тілі, дебат клубы оқушылармен жұмыс жүргізуде. Өнер және музыкалық бағыт бойынша драма театр режиссері және скрипка сынды түрлі аспап үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, мекемеде ағаш өңдеу технологиясы мен қыш өнері де қамтылған.№ 2 Оқушылар сарайы Республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жеңіс тұғырын бағындырып келеді. Атап айтсақ бір жыл ішінде 24 халықаралық, 118 республикалық сайыстарда жүлделі орындарды иеленген. Ғимаратта 210 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 127 педагог ұстаз балаларға білім береді. Олардың арасында зерттеуші мұғалімдер, сарапшылар, модераторлар, спорт шеберлері де бар. Ашық есік күніне келген ата-аналарды №2 оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы күтіп алып, ғимарат ішімен толық таныстырып өтті. Бүгінде үйірмеге қатысушы оқушылармен қоса ұстаздар да креативті идеяларымен көзге түсіп жүргені байқалады. Іс-шара аясында үйірмелердегі сабақ өту барысына куә болған ата-аналар түрлі үйірмелерге балаларын жаздыртып, мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...