Шаһарда Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалив ті еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Шымкент қаласы әкімдігі мен бокс федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бәсекеде 6 елдің спортшылары бақ сынауда. Жарысқа Қазақстанның барлық аймағы және бірнеше елден 100ден астам спортшы қатысуда. 1 аптаға созылған сайыста ең мықты былғары қолғап шебері анықталады.
29 қыркүйек тен бастау алған турнир 5 қазан күні мәресіне жетеді. Байрақты бәсеке ерлер арасында өтуде. Қазақстан құрамасы үшін ең мықты дода болатыны анық. Себебі, 43 ші рет өтіп жатқан сайыста топжарғандар Иорданияда өтетін Азия чемпионатының құрамына іріктеледі. Ермахан Ибраимов, Василий Жиров сынды мықтыларда кезінде осы турнирға қатысып , тәжірбиесін шыңдаған. Махмуд Сабырхан, Санжар Ташкенбай , Теміртаз Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Абылайхан Юсипов сынды көптеген мықты қолғап шеберлеріде бақ сынауда. Бокс елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын спорт түрі екені анық. Спортшыларымыздың шеберліктерін шыңдап, олардың ішіндегі ең мықтыны анықтайды.
Қарақозы Әбдалив кеңес одағының батыры. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде 126-дивизияның 690-атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысқан. Соғыста Әбдәлиев қол созым жерден жау танкісіне гранат лақтырып, қаһармандықпен қаза тапқан. “Ер есімі — ел есінде” -екені анық. Жарысқа кез келген аймақтың боксшылары қатыса алады. Жарыс болғандықтан спортшылар жүлделі болғысы келетіні анық. Сондықтан Шаршы алаңда спортшылар бар өнерін көрсетуге тырысып бағады. Ең мықты қолғап шебері, байрағын биікке көтеріп жүлделі болмақ.