Атом электр станциясы салынатын болса мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды. Осы арқылы елдегі жұмыссыздықты азайта аламыз. Бұл туралы «Жастардың болашақ энергетикаға дайындығын арттыру» тақырыбында өткен кездесуде айтылды. Атом электр станциясын салу бойынша референдум қарсаңында өңірде түсіндіру жұмыстары қарқын алып келеді. Осы күнге дейін шаһарымызда 50-ге жуық іс-шара өтіп, жастарға қуат көзінің маңызы түсіндірілген. АЭС – жасыл энергетиканың бір түрі және оның маңызы зор. Қазақстан уран қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің бірі болғандықтан, бұл ресурсымызды пайдалану маңызды. АЭС қуат коэффиценті 90%-ға дейін жетеді, бұл оны тиімді және тұрақты энергия көзіне айналдырады», – деп түсіндірді жиынға қатысқан мамандар. Энергетик мамандардың айтуынша құрылыс барысында қауіпсіздікке ерекше мән беріліп, бұрынғы апаттардан сабақ алынады. Алматы қаласындағы Ядролық физика институтының зерттеулерінің нәтижесінде, АЭС-тің зияны өте төмен екендігі дәлелденген. Электр энергиясының тапшылығы жылдан жылға артып келеді. Осы себептен елімізде үлкен проблема туындап тұр. Атом электр станциясын салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, сырттан келетін энергияға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Атом энергиясы – болашақтың энергиясы. Сонымен қатар, АЭС құрылысы 8000 адамды жұмыспен қамтыса, ары қарай 2000 адам тұрақты жұмысқа орналаса алады. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Жолдауда «Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады», – деп мәлімдеген еді. Қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде жиынтығы 200-ге жуық атом электр станциясы барын айтқан президент, «Бұл қуат көзі ел экономикасының ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді» деді.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...