Дін өкілдері сәлдесі мен шапанын спорттық киімге ауыстырды. Шаһарда 30-тамыз “Конституция күніне”орай имамдар спорттық таланттарын арттырып, жан-жақты екенін көрсетті. Шара барысында қаланың бас имамы қариларға сәттілік тілеп, ақжарма тілек айтылды.Сөздің басы бисмиллә, бисмилләсіз іс қылма деген дана қазақ.Үшінші мегаполистің,металлург спорт кешенінде өткен, дін өкілдерінің спорттық сайысы көпті қуантты.Мешітте отырып жамағатға уағыз ғана айтпай, салауатты өмір салтын ұстанатынында дәлелдеді. Шараға 5-ауданның имам, қарилары жиналып, спортқа аса қатты мән беретінін де айқындады.Ұйымдастырылған сайыс 5-кезеңнен тұрды.Атап айтсақ әуелі арқан тартыс, қол күрес, ләңгі тебу, кір тасын көтеру болса соңы кіші футболмен ұласты.Басты мақсат-қаланың имам,қариларын бірлікке шақыру болды. Бұл олардың қоғамдағы рөлін нығайтуға, ортақ мақсаттар үшін бірігіп жұмыс істеуге ықпал ететіні сөзсіз.
Шынында мешіт имамдарының ауыз жиып айтатын уағыздары жүрекке жақын,құлаққа жағымды екені белгілі.Шымкент қаласының дін өкілдері бұған дейінде бірнеше сайыстарға қатысып, жүлделі орындармен көзге көрінген.Әрине бұл бас имамның айтуы бойынша. Алдағы уақытта тағы да бәсекелестік жарыстар ұйымдастыруға ниетті. Айта кетейік Конституция күні – Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке, жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі. Бұл күн 1995 жылы 5- қыркүйек өз күшіне енген.Конституция күні елде түрлі мерекелік шаралар, концерттер, ресми кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...