Жанарында жалын бар, өн бойында дарын бар. Шаһар жастары ашық аспан астында караоке-парти ұйымдастырып, түрлі жанрда ән шырқады. Шараға жиналғандар бір сәт тынығып, ой сергітіп тарқасты.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шара қала жастарының көңіл-күйін көтеріп, тамаша әсерге бөледі. Жиналған жас буындар хит әндерді орындап, кешкі уақыттарын тиімді өткізді. Іс-шараның мақсаты – қала жастарының шығармашылықтарын шыңдау, азаматтық бастамаларды қолдау және әлеуметтік белсенділікті насихаттау. Айта кетейік, бұған дейін «Shymkent — Talants show» іс-шарасы қала жастарының қызығушылығын тудырған еді. Алдағы уақытта өңір тұрғындары мен жастарға арналған түрлі іс-шаралар тізбегі өз жалғасын табатын болады.
ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ
Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...