Биыл Халықаралық жастар күні – «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі форматында аталып өтуде. Мерекеге орай, 3-12 тамыз аралығында бес мыңнан астам іс-шара жоспарланған. Осы орайда, жастар ресурстық орталығы “Жас келсе, іске” күні аясында “Aspan Cinema” шарасын ұйымдастырды. Еріктілер қала тұрғындарына арнап, ашық аспан астында “Каникулы оффлайн” фильмін көрсетіп, көрермен алғысына бөленді.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны. Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Сондықтан да, келешегін ойлаған мемлекет бүгінгі жастардың жағдайын тасада қалдырмаса керек. Осыған орай, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында Республикамызда арнайы тұжырымдама бекітіліп, жастар күні 3-12 тамыз күндері аралығында әр күнге тақырыптық атау беріле отырып, аталып өтуде. Осыған орай, 1 000 000-нан астам адам қамтылып, бес мыңнан астам іс-шара жоспарланған. Мәселен 4 тамыз күні – жастар ресурстық орталығының еріктілері “Жастармен бірге!” ұлттық онкүндігі шеңберінде “Жас келсе, іске” күні аясында “Aspan cinema” ашық аспан астында “Каникулы off-line” фильмін көреременге көрсетті.
Жастар ресурстық орталығының алаңында өткен Отандық режиссер Руслан Акунның комедиялық фильмін қаламыздың 60-қа жуық тұрғыны көрді. 1 сағат 30 минутқа созылған фильм көрерменнің көңілінен шығып, қуана тамашалап, келген жастар мен қонақтар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.