Шаһарда кейбір қоғамдық көліктің бағыты өзгерді. Енді № 16, №66, №70, №71 және №69 бағытындағы автобустар халыққа ыңғайлы жолдармен қатынайтын болды. Қоғамдық көліктердің жаңа сызбалары мен кестелерін ай көлік қосымшасы арқылы көруге болады.
Иә, жол сызбасының өзгеруі жергілікті тұрғындарға оңай болмайтыны анық. Баратын бағыттарынан адасып, уақыт жоғалтуға немесе мақсатты орынға кешігуге себеп болуы мүмкін. Алайда бұған да үйренісіп кетер. Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысы 90 теңгеден 110 теңгеге көтерілді. Алматыда жол жүру тарифы 100-200 теңге мөлшерінде өссе, ал Шымкент қаласында маршрут бағасы 70 теңге болып бекітіліп отыр. Ал қала аумағындағы шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылған.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










