Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров жұмыс сапарымен Шымкент қалалық сотына келіп, сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы жаңашылдықтар тақырыбында жиын өткізді.
Жиынға алқа төрағалары мен судьялары, жергілікті соттардың төрағалары және Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Қалалық сот төрағасы Әділхан Шайхисламұлы жиынды ашып, сөз кезегін Н.Бекназаровқа берді.
Сенатор жиында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізгелі тұрған өзгерістер туралы мәлімдеп, еліміздегі кассациялық сатыдағы соттардың жұмысына қайта құрылуы жоспарымен бөлісті.
Сонымен қатар, алқа судьялары Назира Аманқұлова және Виталий Мирошников «Сот жүйесін реформалауға және практикада құқық қолдануға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылау мәселелері» туралы баяндама жасады.
Кездесу соңында төраға Ә.Шайхисламов: «Құрметті Нұрлан Құдиярұлы! Жақында «Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы» заң жобасына депутаттар бастамашы болды. Ол Мемлекет басшысының сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Сондықтан, осы реформаларға қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге алғыс білдір
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...