Мегаполисте жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуға жақын. Парламент Мәжлісінің депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралады. Соның бірі халықаралық әуежай. Құрлысының 95%-ы аяқталған жаңа терминалдың жай-күйімен танысқан депутат қандай баға берді? Жеке инвестордың есебінен іске асырылып жатқан мега жоба қашан іске қосылады?
24 млрд теңге. Бұл заманауи үлгідегі жаңа әуежайға бөлінген қаржы. Дегенмен бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен емес, жеке инвестордың есебінен жүргізіліп отыр. Ол «SCAT» әуе компаниясы. Құрылысы 95%-ға аяқталып отырған инфрақұрылым сағатына 2000 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты нысанның жай-күйімен танысып, оң баға берді.
Айта кетейік, Руслан Берденовтың айтуынша шетелдік озық техникалармен жабдықталған жаңа нысан қыркүйек айының ішінде іске қосылады.