Қала күніне орай, “Волонтерлік — мейірім кілті”атты еріктілер қозғалысы бойынша іс-шара өтті. Жасөспірімдерді еңбекке баулу, қоғамдық орындарда белсенді қатысуға шақыратын жиынға ата-аналар, оқушылар, педагогтер қатысты. Конференция барысында волонтерлікпен айналысып жүрген арнайы клубтардан келген спикерлер сөз сөйлеп, еріктілер құрамында болудың артықшылығын түсіндірді.
Ұйымдастырылған шараға шаһар бойынша 8 ұйым қатысты. «Волонтерлік — мейірім кілті” атты жиын екі бөлімнен тұрады. Бірі ата-аналарға арналған конференция болып өтсе, 13-14 жастағы ерікті балаларға арналған семинар тренинг болып өтті. Баспасөз конференциясында жиналған қатысушылар сұрақтар қойып, волонтерлік ұйымдар жайлы нақты ақпараттарға қанық болды. Шараның мақсаты — жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоғаммен араласуға, еңбекке баулуға шақырады.
«Волонтерлік — мейірім кілті» атты баспасөз конференциясы оқушылармен тренингке ұласты. Тренинг барысында «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранованың жетекшілігімен ойындар өткізілді. Жеңімпаздарға N2 Оқушылар сарайының басшылығы тарапынан сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.