Бұқарамен ашықтықты арттыру мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінде баспасөз орталығы ашылды. Мұнда тұрақты түрде баспасөз конференциялары және медия саласының тілшілерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді. Жұмысқа келгеніне 6 ай ғана уақыт болған баспасөз хатшы Бағлан Исатаева департамент басшылығымен бірлесіп осындай жаңашылдық алып келді.
Орталықтың ашылу салтанатына арнайы қатысқан полиция департаментінің бастығы Думан Таев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін бірқатар ақпарат саласының ардагерлеріне алғыс хаттар табыстады.