Бұқара мен билікті байланыстырушы ақпарат айдынында жүрген журналистерге құрмет көрсетілді. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалдында меншікті тілшілер бас қосты.
28 маусым БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған жиында мәслихат депутаты Мұрат Жолдықожаев ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы журналистерді мерекемен құттықтап, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің алғыс хаты мен сый сыяпаттар табыстады.