28-маусым журналистердің кәсіби мерекесі. Күнделікті өмірде еңбегі елене бермесе де, жыл он екі ай бойы ақпарат айдынында жүрген төртінші билік өкілдерін Шымкент қалалық прокуратурасы құттықтады. Мереке қарсаңында телеарна мен мерзімді басылымда қызмет етіп жүрген, халық пен биліктің арасын жалғаған, түйткілді тақырыптарды көтеріп, қоғам дертін қозғаған әріптестер марапатталды.
Прокурордың орынбасары Ержан Маратұлы өзара байланыс үшін алғыс айтып, қаладағы маңызды оқиғаларды шынайы жеткізіп, қоғам үшін бірлесе жұмыс атқара берейік деген ізгі тілегін жеткізді. Прокуратура органдарының атынан арнайы алғыс хат пен «Бес жылдың белесіндегі прокуратура» атты кітапты сыйға тартты.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










