• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОРДАЛЫ МЕКЕНГЕ 60 ЖЫЛ

27.06.2024
0

Үш жүздің басын қосып, елдің татулығы мен бірлігі болған Ордабасы ауданына биыл 60 жыл. Осы мерейтойға орай аудан әкімдігінің қолдауымен 28 маусым БАҚ өкілдерінің мерекесі қарсаңында елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
2024 жылдың 5 айында аудан бюджетінің өзіндік кірістері артып, өткен жылмен салыстырғанда 733 млн. теңгені құраған. Ал соңғы 2 жылда бұл көрсеткіш 6,9%-дан 32,7%-ға өскен. Нақтырақ айтқанда, биыл ауданға 10,2 млрд. инвестиция бағытталып, оның ішінде, өнеркәсіп саласында құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын, 3 ірі жоба, 133 жұмыс орнымен ашылған. Алғашқы аялдамамыз «Jnray» тігін фабрикасы болды. 2024 жылдың сәуір айында өз жұмысын бастаған фабрика, тәулігіне 500 дана өнім шығаруға қауқарлы. Жалпы құны – 1 млрд. 300 млн теңгені құрайтын кәсіпорынның өндіріс алаңы 1,5 гектар. Компанияның өнімі толықтай дерлік еліміздің ішкі нарығына жіберіледі. Жалпы тігін фабрикасы 3 кезеңмен іске асырылуда, 2023 жылы құрылысы басталып, биыл аяқталады деп жоспарланған. Толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталған фабрика, қазіргі таңда 50-ге тарта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.
Ауданның тағы да бір жетістігі тамақ өнеркәсібіне арналған «Borte Engineering» өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасы. 25 жұмыс орнымен ашылған кәсіпорынның, жалпы құны 1 млрд. 100 млн. теңге. Компания қазіргі таңда сүт өнімдеріне арналған құрал жабдықтар шығаруда. Елімізде алғаш рет ашылған бұл кәсіп түрінің дәл осы ауданға салынуы экспортқа қолайлы болуы үшін дейді компания директоры.
Ауыл халқының негізгі табыс көзі шаруалышықта. Бүгінде ауданда сауынды сиыр санын арттырып, табиғи сүт өнімдерін шығарып отырған «Бөрте милка» компаниясы жұмыс жасайды. Жалпы ферма 3 кезеңмен іске асырылған. 2015 жылы сүт тауарлы ферманың құрылысы басталып, 1-ші, 2-ші сиыр қораларының құрылысы жүргізілген. Заман талабына сай фермада Швецияның «ДеЛаваль» компаниясы құрал-жабдықтары, сиыр сауатын роботтары орнатылған. Айта кетейік, мұнда 136 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал Венгрияның «Хуланд Трейд» компаниясынан алынған. 110 адамды жұмыспен қамтып отырған фермаға, Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған. Сонымен қатар, 400 бас ірі қара малға қоражай салынуда.
Ауданда 2023 жылдың тамыз айында «Бадам» спорттық сауықтыру кешені салынып басталған. Нысанның құрылыс жұмыстары «Қаратау» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі мердігер мекеме тарапынан атқарылуда. Кешенді ағымдағы жылдың желтоқсан айында халық игілігіне беру жоспарланған. Қазірде ішкі және сыртқы әрлеу, отмоска құю жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, тұрғындарды спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынасты нығайту мақсатында ауданда 169 спорттық нысандар жұмыс жасайды.
Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Берген Исаханов ауылындағы көше қиылысында шаңырақ іспеттес нысанның құрылысы жүргізілуде. Маусым айында аяқталып, ел игілігіне берілетін құрылыс алаңында, балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар мен жарықшамдар орналастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Ордабасы ауданына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталған. Мердігер мекеменің айтуына сүйенсек аллея биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа берілмек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылмақ.

Темірлан елді мекенінде «Құртай» каналы бойындағы гүлзар, жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Бұл жаңашылдық елді мекеннің ажарын аша түспек. Нысан биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған.
Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекенінде 250 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы спорт кешенін салуға 1078,9 млн.теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, Самал мөлтек ауданында да арендалық тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Қазір онда 1 қабатты, 2 бөлмелі 26 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Ауданда тұрғын үй кезегінде 2223 адам тіркелген. Құрылыс жұмыстарын қазан айына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Сонымен қоса ауданның орталық саябағында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігіне арналған мемориал ашылған. Саябақтың жаңа құрылысмен қоса, ауданда болып жатқан өзгерістермен де таныстық.
2023 жылдың шілде айында тұрғындар қолданысына берілген «Ана мен бала» аллеясының ауданда алар орны ерекше. Саябақ ынтымақ пен татулықтың мекені саналған Ордабасы ауданындағы алтын құрсақ аналардың құрметіне салынған. Айта кетейік, ауданда ел демографиясына үлес қосып келе жатқандар аз емес, бұл ретте, 268 бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқты» орденін иеленген ана, 120 «Батыр ана», 785 «Алтын алқа», 2928 «Күміс алқа» иегерлері және 7886 көпбалалы ана тұрады. Осы орайда ауданның түрлі атқарып жатқан жетістіктерін көріп көзіміз тойды.
28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналып ұйымдастырылған тур Ордабасы аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Мұнда ауданның жас шеберлерінің қолынан шыққан туындылар көрмеге қойылып, БАҚ өкілдеріне мерекелік концерті ұйымдастырылған. Сонымен қоса, аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.