Осы орайда үшінші мегаполисте AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен “Таза бейсенбі» тазалық акциясы өтті. Арнайы сенбілікке ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қызметкерлері, 200-ге жуық белсенді жастар қатысты. Экологиялық акция аясында көше маңы күл қоқыстан тазартылды.
Мемлекет басшысының қолдауымен республиканың барлық өңірінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы сәуір айының 8 ші жұлдызында бастау алды.
Осы бастаманың жалғасы ретінде“AMANAT”партиясының таза бейсенбі экологиялық іс шарасы ұйымдастырылды.Басты мақсат қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру және сақтаудың маңыздылығын түсіну.
Тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапты болуымен және экожүйеге деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.Таза бейсенбі акциясына қала экологиясын жақсарту мақсатында бал текстиль компаниясыда белсенділік танытты.Айта кетсек “Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалады. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белгіленген аумақтарды күл-қоқыстардан тазартып қаланың көркеюне атсалысады.