Үшінші мегаполисте « ЖЕР-2024» СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ұйымдастырылды. Аталмыш шара қала әкімдігі ғимаратында өтіп, оқу-жаттығуға жалпы ТЖД қызметтерінен 8 техника жұмылдырылды.
Іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізілді. Дер кезінде қызметкерлерді қауіпсіз жерге шығару және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылып,зардап шеккен 1 адамға медициналық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, 3 маусым сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар аталған өңірлерде сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылған болатын.Сейсмикалық жаттығулар 3-4 маусымда еліміздің қауіпті өңірлерінде де жалғасын тапты.Атап айтсақ Алматы, қалалары мен Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, облыстары.