Жылдам, епті, мықты. Үшінші мегаполисте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық турнир бастау алды. Жарысқа күнделікті қызыл жалынмен арпалысатын жандардан бөлек жасөспірімдер мен бойжеткендерде бақтарын сынауда. 300-ге жуық сайысқа қатысушылар екі күн бойы өзара мықтыны анықтап, марапатталатын болады.
Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен өтетін сайыс 4 күнге созылады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары болып,жүлделі орындарға тартысты сайыста таласатын болады. Осындай дәрежедегі жарысқа қатысу және өз күшін сынап көру үшін Қырғызстан Республикасының спортшысы Әлішер Қонокбайда арнайы келді. Сайыстың бірінші күні жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша басталды.
Ұйымдастырылған сайыс күш пен ептілікті талап етеді. Қатысушылар кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық ғана емес, шыдамдылықты да қажет етеді. Шараның мақсаты өрт сөндіруші және құтқарушылардың қызметін насихаттау, өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту болып табылады. 4күнге созылатын турнирдің екінші күнінде командалар оқу мұнарасының 2, 3, 4 — қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша өзара бәсекеге түсетін болады. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша сайыстар өтеді.