Шымкентте 42 құрылыс объектілері бойынша 92 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кемшіліктер тіпті, құжаттардан бастап құрылыс талаптарынан да табылған. Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мейірлан Керімжанов баспасөз брифингінде баяндады. Одан бөлек басқарма басшысы соңғы 5 айда атқарылған жұмыстарға есеп берді. Толығырақ әріптесім Аружан Маттай тарқатсын.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 4 бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Олар: сәулет құрылыс бақылауын жүзеге асыру, құрылыс қызмет субъектілерін лицензиялау және мамандарды аттестаттау, тұрғын үй инспекциясы және газ техникалық инспекция. Жыл басынан бері басқармаға құрылыс монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 384 хабарлама басқарма реестірінде тіркелген. Бұл туралы Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында “Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы” Мерлан Керімжанов баяндады.
Сондай-ақ, қала аумағындағы заңсыз құрылысқа қатысты 29 нысан бойынша, құрылыс объектілері бойынша 79 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, тиісті жауапкершілікке тартылып, 12 миллион 433 мың қаржы көлемінде айыппұл салынған. Одан бөлек, құрылыс сапасына қатысты 8 құрылыс ісі бойынша хаттама толтырып, әкімшілік-жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес 37 нысанға талап арыздары жолданып, заңсыз және заң нормалары сақталмай жүргізілген нысандары бойынша 27 сот шешімі шыққан. Оның 17-і сот шешіміне сәйкес бұзылса, оны сот орындаушылар палатасына жолданған. Қалған 10-на сот шешімі қанағаттандырусыз қалдырды.