Биыл елімізден 5000 нан астам адам қажылыққа аттанады. Осы орайда Шымкент қаласының әуежайында мұсылман үмметінің асыл арманы болған қасиетті мекенге құлшылық жасаушыларды шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға қаламыздың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов арнайы қатысып, ниет етушілерге ақ жол тіледі.
Елімізде 2024 жылғы қажылық маусымы басталды. Мол мүмкіндіктер мен сансыз сауаптардың мекеніне қала тұрғындары 6 айға жуық уақыт дайындалған. Соның бірі Болатбек Қасымбеков. Қазір 75 жаста. Мұсылманның 5 парызының бірі қажылық сапарға 2-ші рет аттанғалы отыр.
Қазіргі таңда Қазақстанда 16 қажылық компаниясы бар. Олар мүфтият тарапынан іріктеуден өтіп, барлық талаптарды орындады. Сапарға аттанушыларға сәттілік тілеп, қажылықтың мән-маңызына тоқталған қаламыздың бас имамы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемдемесін жеткізді.
Айта кетейік, «Сембекова» қажылық компаниясы осы лекте 300-ге жуық адамды қасиетті мекенге аттандырмақ. Сауд-Арабия елінің қойған талаптарына байланысты компания төрайымы биылғы маусымға 6 ай дайындық жүргізген.