23 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі көрерменге жол тартады. Ағартушы, педагог, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған фильм 2022 жылы түсіріле бастады.
Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының образын актер Азамат Сатыбалды сомдайды.Фильмде Ресей империясы мен Еуропаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған бастауыш сынып мұғалімінің өмір жолы туралы баяндалады. Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салып, XX ғасырдың бас шеніндегі ірі түрколог ғалымдар оны қалай тең тұтқаны көрсетіледі.Сондай-ақ бұл фильм өлім тәнін алса да, бірақ өзін ешқашан жоғалтпай, істеген барлықістері келер ұрпақтың игілігіне айналады деп сенген Ахметтің өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертеді. Көркем фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен үлкен экранға жол тартады.
Бетті дайындаған: Ақерке Құдайбергенқызы