Шымкентте «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Қорғаныс іс-шарасында – жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, тасымалдау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медициналық жәрдем беру әрекеті пысықталады.
Қала сыртына құрылған 62 шатырлы қалашық 500 адамға арналған. Аталмыш іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар қатысты. Олар жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимылдарды пысықтайды.