Енді болашақ аналар сәбидің саулығын тексеру үшін айлап, апталап медициналық зерттеудің талдауын күтпей, “Бір күндік клиника” жобасы аясында 30-40 минутта қажетті талдаудың нәтижесін біле алады. Еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылатын бұл жоба , “№2 облыстық перинаталдық орталық” базасында да іске қосылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.Еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылған “Бір күндік клиника” бірегей жобасы №2 облыстық перинаталдық орталық базасында да іске қосылды. Оның арқасында жүкті әйелдер барлық қажетті талдауларды бір жерден тапсырып, нәтижесін бірден ала алады. Пилоттық жобаның ашылуына денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері арнайы келді. “Бір күндік клиника” жобасысының мақсаты әртүрлі даму ақауларымен туылатын сәбилердің аурушаңдығын, өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету. Дәрігерлердің айтуынша бұл клиникада күніне ауданнан 20-30 әйел қаралады дейді.
Айта кетейік, жоба аясында болашақ аналар жоғары деңгейде ультрадыбыстық зерттеуден, биохимиялық скринингтен және генетикалық кеңестерден өтеді. Мамандар алдағы уақытта ақаумен туылған балаларға көмек көрсету үшін түзету орталықтарының жұмысын жақсартуды көздеп отыр. «Бір күндік клиника» жобасы мегаполистерде және еліміздің басқа да өңірлерінде іске қосылады. Сонымен қатар, емханадан жолдама алғандарға қызмет тегін көрсетіледі.