Жеңіс саябағында орналасқан “Ерлік” музейінде 1-маусым балаларды қорғау күніне орай “Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы” тақырыбы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шараға Шымкент қалалық саяси қуғыр сүргін құрбандары музейінің “Ерлік” бөлімінің меңгерушісі, Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, патриоттық қозғалыс “Желтоқсан ақиқаты” Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағалары арнайы қатысып, белсенді балаларға диплом табыстады. Саябақта балалар сурет салып, өлең оқып өз өнерлерін көрсетті. Бұл шараның мақсаты балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасау.
ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ
Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...