Шымкентте 10-нан аса волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Осы арқылы жақсылыққа жаны құштар жастар қаламызда көбейіп келеді. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек еріктілермен кездесіп талап тілектерін тыңдады. Қала жастары өз ойларын ашық жеткізіп, ұсыныстар айтты.
Кездесуде қаладағы ерікті жастардың киім үлгісін бір ыңғайға келтіру мәселесі талқыға түсті. Сәрсен Құранбек киім үлгілерінің дайын эскизін волотерлармен бірге талқылады. ерікті жастарға арналған қызыл-жасыл түсті киім үлгісін ұсынды. Жастардың ойын тыңдады. Ерікті жастардың басым көпшілігі аталған киім үлгісін қолдайтындарын жеткізді.
Сондай-ақ, жиында Солтүстік және Батыс өңірлерге көмек көрсетуді жалғастыру, жастарды тәрбиелеу, мәдениетін көтеру бағытында мәселелер талқыланды. Жастар ұсыныс білдірді су басқан аймақтарға барып физикалық көмек көрсету ұсынысын білдірді.
Ерікті азаматтар көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екендіктерін білдіріп, жастар тәрбиесі бағытында бірқатар ойларын айтты.
Бетті дайындаған: Ақерке Құдайбергенқызы