Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілерді тікелей қатыстыра отырып, бос жұмыс орындарын ұсыну арқылы түлектерге қолайлы жұмыс орнын табуына мүмкіндік беру.
Іс-шараға өңірдегі 200-ге жуық ірі кәсіпорын мен серіктестер қатысты. Жұмыс беруші мекемелер студенттерге бос жұмыс орындарына орналасудың негізгі талаптары мен ережелерін түсіндірді. 2023 жылы оқуын аяқтаған түлектердің 87 пайызы жұмысқа орналасқан. Биыл 2023-2024 оқу жылында 9000-ға жуық түлек оқу бітіреді.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...