Қорғаныс министрлігі «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 388 ҚБП бұйрығының қабылдануына байланысты кейбір бұйрықтар өзектілігін жоғалтты, деп хабарлайды Қазқақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442, «Сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 11 қарашадағы № 624, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 18 мамырдағы № 311, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы
2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 16 ақпандағы № 154 бұйрықтардың күші жойылды деп танылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындауды ретке келтіреді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 5 маусымына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15063432