• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

АҚТӨБЕ, ҚОСТАНАЙ ЖӘНЕ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТАРЫНДА 7,5 МЛН ГА ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛЕДІ

23.05.2024
0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі көктемгі дала жұмыстары кезінде өңірлерді аралау барысында үш облыстың шаруаларымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.  18-21 мамырда Айдарбек Сапаров еліміздің барлық егіс алқаптарының 31,5% -ын құрайтын үш аймақтың егіс жұмыстарының барысымен және фермерлердің жағдайымен танысты. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінгі күні республика бойынша 7 млн га егін егілген. Оның ішінде Ақтөбе облысында — 220 мың га немесе өңірдің жалпы егіс алқабының 37,7%, Қарағанды облысында — 326,4 мың га немесе 30,3%, Қостанай облысында — 1 322 мың га немесе егіс үшін жоспарланған барлық алқаптың 25,7%  .

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін арттыру мақсатында облыс әкімдіктеріне биылғы жылғы деңгейді қоса алғанда  1,5 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті жүктелген. Атап айтқанда Ақтөбе облысы — 27,2 мың тонна, Қарағанды облысы — 71,5 мың тонна және Қостанай облысы — 258,6 мың тонна тыңайтқышпен қамтылуы тиіс.

21 мамырдағы жағдай бойынша облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес 889 мың тонна көлемінде тыңайтқыш сатып алуға шарттар жасалды. Оның 734,4 мың тоннасы фермерлерге жөнелтілді. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысына 2,7 мың тоннаға келісім жасалып, әзірге 2,5 мың тоннасы жіберілген. Қарағанды облысына қажетті 28,2 мың тонна тыңайтқышқа шарттар жасалып, 21,2 мың тоннасы аталған өңірге жетті. Ал, Қостанай облысына қажетті 170,0 мың тоннаға келісімшарт жасалып, 108,7 мың тонна тыңайтқыш егіс алқабына жеткізілді.

Айдарбек Сапаров жақсы өнім алу үшін жеткілікті көлемде тыңайтқыш енгізудің маңыздылығын, сондай-ақ бұл үшін ҚР АШМ қажетті жағдай жасайтынын, атап айтқанда тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілгенін, ал қазақстандық өндірушілер тыңайтқыштарды әкімдіктердің кепілдігімен жөнелтетінін, соның арқасында шаруаларға егін егу кезеңінде бірден төлем жасаудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Тыңайтқыштарды субсидиялауға 2024 жылға жергілікті бюджеттерден 36,2 млрд. теңге бағытталған.

Министр атап өткендей, егіс жұмыстарына 376 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның ішінде Қостанай облысында — 79,6 мың тонна, Ақтөбе облысында — 7,2 мың тонна, Қарағанды облысында — 17,4 мың тонна тиесілі. Аймақтық операторлардың жеткізу шығындарын ескере отырып, АШТӨ үшін орташа баға республика бойынша енді 250 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 15% арзан.

Сондай-ақ, егіс науқанын қаржыландыруға алғаш рет 5 пайыздық жеңілдікпен 580 миллиард теңгеге дейін қарыз қаражат бөлінді. «Кең дала», «Кең дала-2» бағдарламалары бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы және форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы қаржы бөлінді.

Жоғарыда аталған үш облыстың шаруаларынан АНК арқылы қаржыландыруға жалпы сомасы 49,8 млрд теңгеге 669 өтінім, ал Азық-түлік корпорациясы арқылы 177 мың тонна астық сатып алу мақсатында 11,9 млрд теңгеге 134 өтінім түскен.

Айдарбек Сапаров үйір шегірткелерінің таралуы болжанатын Қостанай және Ақтөбе облыстарында зиянкеспен күресу шаралары бойынша жедел кеңестер өткізіп, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне әкімдіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, сондай-ақ шекара маңындағы аумақтар бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Қостанай және Ақтөбе облыстарында қыстайтын шегіртке үйірлерінің жай-күйін анықтау бойынша мониторинг жұмыстары аяқталды, жұмыртқадан шыққан дернәсілдерге көктемгі мониторинг жұмыстары басталды, Ақтөбе және Қостанай облыстарында мамыр айының аяғында шегірткеге қарсы жаппай іс-шаралар басталады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.